Выбор языка:

Поиск

Петропавлдағы тең ойын

  • Share this:
Петропавлдағы тең ойын

Петропавлдағы тең ойын

 Қазақстан Премьер-лигасының 15-туры аясында «Ордабасы» футбол клубы сырт алаңда «Қызылжар» командасымен кездесті. Матч шиеленісті әрі драмалық жағдайда өтті. Ойынның 19-минутында бас төреші Саят Суликанов Шериф Жимоны алаңнан қуды. Ал бірінші таймның соңында Дарио Чанаджия да қызыл қағаз алып, команда екінші таймды тоғыз ойыншымен бастады. Саны жағынан аз болса да, «Ордабасы» ойыншылары тәртіп пен ұйымшылдық танытып, қақпасын голдан сақтап қалды. Қорытынды есеп — 0:0. Ойыннан кейін клубтың бас бапкері Андрей Мартин матч жайлы өз пікірін білдірді: «Айтарым бір-ақ нәрсе — жігіттерге үлкен рақмет. Олар мінез көрсетті, соңына дейін күресті. Шын айтсам, ойынға қатысты немесе оның айналасындағы жайттарға пікір білдіргім келмейді. Ең бастысы — команда қиын жағдайда да беріспей, нәтижеге қол жеткізді».