"Ордабасы U21" сырт алаңда маңызды жеңіске жетті
30 шілде күні өткен Қазақстанның Екінші лига матчында "Ордабасы U21” командасы сырт алаңда "Мақтаарал" клубымен кездесіп, 2:0 есебімен айқын жеңіске жетті.
Бірінші таймда шымкенттік жастар ойын тізгінін өз қолына алып, 30-минутта Әлібек Халдар Абылайхан Рахматулланың дәл пасын голға айналдырып, есеп ашты. Екінші таймда "Ордабасы U21” басымдығын арттырып, 74-минутта Жасұлан Әмір Әлібек Халдарлың пасынан кейін есепті еселей түсті.
Бұл жеңіс "Ордабасы U21" үшін турнирлік кестеде маңызды ұпайлар алып келді. Команда қарқынын бәсеңдетпей, келесі кездесулерде де жеңісті жолын жалғастыруға ниетті.
«Ордабасы U21 командасының бас бапкері Ирисметов Улугбек Равшанұлы ойыннан кейінгі баспасөз қызметіне берген сұхбаты:
-Бұл ойынға тыңғылықты дайындалдық. Жігіттер бапкерлер құрамының тапсырмасын толық орындады. «Мақтаарал» — мықты қарсылас. Бұл жазғы трансферлік терезеде олардың құрамы 4-5 сапалы ойыншымен күшейді. Ең бастысы — біз жеңіске жеттік. Енді осы қарқынмен алдағы ойындарға дайындықты жалғастырамыз.