Выбор языка:

Поиск

  • Home
  • Новости
  • «Ордабасы U16» командасының бас бапкері Геймат Искандер: «Бұл маусым – үлкен тәжірибе мен жаңа белеске бастар қадам»

«Ордабасы U16» командасының бас бапкері Геймат Искандер: «Бұл маусым – үлкен тәжірибе мен жаңа белеске бастар қадам»

  • Share this:
«Ордабасы U16» командасының бас бапкері Геймат Искандер: «Бұл маусым – үлкен тәжірибе мен жаңа белеске бастар қадам»

«Ордабасы U16» командасының бас бапкері Геймат Искандер: «Бұл маусым – үлкен тәжірибе мен жаңа белеске бастар қадам»

 

QJ League 2024 маусымы өз мәресіне жетті. «Ордабасы U16» командасы маусымды лайықты деңгейде аяқтап, турнирдің қола жүлдесін иеленді. Команданың бас бапкері Геймат Искандер өткен маусымға қорытынды жасап, команда дамуы мен алдағы жоспарлар жайлы ойымен бөлісті.

 

– Биылғы QJ League маусымын қалай бағалайсыз? Командаңыздың ойыны мен жалпы турнир деңгейіне қатысты пікіріңіз қандай?

– Биылғы QJ League маусымы 2010 жылғы жасөспірімдер үшін алғашқы жыл болғандықтан, басында біраз қиындықтар кездесті. Камералар, медиа, жанкүйерлердің назары, ойынның жылдамдығы – барлығы ойыншыларға үлкен әсер етті. Бірақ чемпионаттың ортасына қарай команда біртіндеп қалыпқа келіп, ойыншылар түсінісіп, тәжірибе жинай бастады. Ұйымдастыру тұрғысынан QJL турниріне айтар сөз жоқ – бұл балалар мен жаттықтырушылар үшін керемет тәжірибе болды.

 

– «Ордабасы U16» командасының басты күші неде деп ойлайсыз? Бұл маусымда қай бағытта айқын даму байқалды?

– Бұл біздің алғашқы маусым болғандықтан, бастапқыда қиындықтар болды. Дегенмен бапкерлер құрамымен бірлесе жұмыс істеп, ойыншылар кәсіби тұрғыда жақсы жұмыс жасады. Маусым соңында соның нәтижесін көрдік деп ойлаймын. Турнирдің деңгейі өте жоғары – әр команда әр ойынға барынша дайындалады. Жеңістер оңай келген жоқ, қарсыластар да өте мықты болды. «Ордабасы U16» командасының басты күші – оның бірлігі. Бұл жай ғана команда емес, бір жанұя. Жігіттер әрқашан бір-бірі үшін ойнайды, нағыз бір жұдырықтай.

 

– Турнир барысында ең қиын болған қарсылас кім болды және не себепті? Сол ойыннан қандай сабақ алдыңыздар?

– Әр қарсыластың өз қиындығы бар, оңай матч болған жоқ. Біз үшін негізгі сабақ – концентрацияны жоғалтпау. Кейбір ойындарда осы фактор әсер етті. Сонымен қатар тактикалық тұрғыда да талдау жасап, сол бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз.

 

– Жастар футболында ең маңыздысы — ойын нәтижесі ме, әлде ойыншылардың дамуы ма? Сіздің көзқарасыңыз қандай?

– Жастар футболында бірінші кезекте маңыздысы – ойыншылардың дамуы. Ал нәтиже – сол еңбектің жемісі ретінде өзінен-өзі келеді. Биыл біздің командадан 5 ойыншы Қазақстан U16 жасөспірімдер құрамасына шақырту алды, тағы 2 ойыншымыз үміткерлер қатарында. Бұл – біз үшін үлкен жетістік.

 

– Алдағы жоспарларыңыз қандай? QJ League турнирінен кейін команда үшін қандай мақсаттар қойылып отыр?

– Алдағы жоспарымыз бойынша 3 қарашада жаңа оқу-жаттығу жиындарын бастаймыз. Басты мақсат – балаларды жан-жақты дамыту. Қараша айында селекциялық жұмыстар өтеді. QJ League турнирінен кейінгі негізгі бағыттарымыз – ойыншыларды фитнес, тактика, техника және менталитет тұрғысынан дамыту. Әрине, әр футболшының жеке тұрғыда өсуіне де ерекше назар аударамыз.