Выбор языка:

Поиск

  • Home
  • Новости
  • «Ордабасы» U-18 өз алаңында «Ертіс» U-18 қарсыласқа есе жіберді

«Ордабасы» U-18 өз алаңында «Ертіс» U-18 қарсыласқа есе жіберді

  • Share this:
«Ордабасы» U-18 өз алаңында «Ертіс» U-18 қарсыласқа есе жіберді

«Ордабасы» U-18 өз алаңында «Ертіс» U-18 қарсыласқа есе жіберді

 

2025 жылғы 5 шілде күні Шымкент қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігінің ойынында «Ордабасы» U-18 командасы «Ертіс» U-18 клубын қабылдап, 0:3 есебімен жеңіліс тапты.

 

Матчтың алғашқы бөлігінде-ақ қонақтар қарқынды ойын көрсетіп, басымдықты өз қолына алды. Ал «Ордабасы» сапынан бірінші таймда қорғаушы Жанәлі Есенәлиев қызыл карточка алып, алаңнан қуылды. Бұл жағдай ойынның жалпы ырғағына және нәтижесіне едәуір әсер етті. Қалған бөлігін команда он ойыншымен өткізуге мәжбүр болды.

 

Команда бірнеше шабуыл ұйымдастырғанымен, оларды нәтижелі аяқтай алмады. Ал павлодарлық команда өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, үш гол соғып, матчты 0:3 есебімен аяқтады.

 

Бас бапкер Рустам Анварұлы Фардиевтің пікірі:

— Ең алдымен «Ертіс» командасын жеңісімен құттықтағым келеді. Өте жақсы ұйымдасқан ұжым. Бізде ойынға белгілі бір жоспар болған, жекелеген жақсы сәттер де кездесті. Алайда, мүмкіндіктерді пайдалана алмау бізге әсер етті. Әсіресе, қызыл карточка алғаннан кейін он ойыншымен қарсылас тәрізді командаға қарсы ойнау өте қиын.

Соған қарамастан, жігіттер соңына дейін күресіп, бірнеше шабуыл ұйымдастырды. Үйде, жанкүйерлер мен ата-аналардың көз алдында ойнап, жеңіліс табу – ауыр. Бірақ, біз тоқтамаймыз. Бұл командада сапа да, әлеует те, мақсат та бар. Жүйелі дайындықпен қажетті нәтижеге жетеміз деп сенемін.

 

Асхат Жаңбырбайдың пікірі:

— Біріншіден, бүгінгі ойындағы жеңісі үшін «Ертіс» командасына алғыс айтамыз. Олар бұл ойынға жақсы дайындықпен келгендерін дәлелдеді.

Бізге сәл де болса ойынға шын ықыласпен кірісу, жаттықтырушының айтқан тапсырмаларын толық орындау жетіспеді. Бірақ, келесі ойында үздік нәтижемен ораламыз деп уәде береміз.

 

Келесі матч:

«Ордабасы» U-18 келесі кездесуін 2025 жылғы 13 шілде күні Астана қаласында қонақта өткізеді. Ойын сағат 20:00-де басталады. Қарсылас – «Астана» U-18 командасы.