«Ордабасы» Түркістанда «Тұранды» жеңді – 4:0
Қазақстан Премьер-лигасының 18-туры аясында «Ордабасы» сырт алаңда түркістандық «Тұран» командасымен кездесіп, 4:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Ойынның бірінші бөлігінде есеп ашылған жоқ. Алайда екінші таймда командамыз шабуылын күшейтіп, басымдықты толығымен өз қолына алды. 53-минутта Владислав Наумец алыстан бағыттаған соққысымен есеп ашты. Артынша Лука Имнадзенің әдемі пасын Дарио Чанаджия нәтижелі аяқтады. Келесі сәтте Лука Имнадзе өзі гол салып, есепті 0:3 дейін жеткізді. Матч соңында бұрыштамадан кейін Сергей Малый баспен ойын нүктесін қойды.