Выбор языка:

Поиск

  • Home
  • Новости
  • Ордабасы QJ League W аясында Астанада өткен матчта 3:1 есебімен жеңілді

Ордабасы QJ League W аясында Астанада өткен матчта 3:1 есебімен жеңілді

  • Share this:
Ордабасы QJ League W аясында Астанада өткен матчта 3:1 есебімен жеңілді

Ордабасы QJ League W аясында Астанада өткен матчта 3:1 есебімен жеңілді

 

2025 жылғы 4 шілде күні Астана қаласында QJ League W (қыздар лигасы) аясындағы кезекті тур ойыны өтті. «Ордабасы» қыздар командасы елордалық «Астана» командасына қонаққа барып, 3:1 есебімен жеңіліп қалды.

 

 «Ордабасы» командасында жалғыз қыз гол соққан - Адина Шуренова.

 

Ассистент жаттықтырушының Валиев Тимур Тахировичтің пікірі:

— Ойын өте ауыр өтті. Қыздарымыз бар күшін салып, аяғына дейін күресті. Бірақ, өкінішке қарай, бұл жолы бізге сәттілік жетіспеді. Футболда әрқашан біреу жеңіп, біреу жеңіледі – бұл қалыпты жағдай. Қарсылас командаға лайықты жеңісі үшін алғысымды білдіремін. Артық айтарым жоқ. Енді кеткен қателіктермен жұмыс істеп, болашақ ойындарға тыңғылықты дайындаламыз. Қолдау көрсеткен жанкүйерлерге үлкен рахмет.

 

Команда ойыншысы Айым Оразалы матч жайлы:

— Ойын қиын болды. Бірақ соңына дейін бар күшімізді салып ойнадық. Бүгін жолымыз болмады. Енді қатемізбен жұмыс істеп, келесі ойындарға жақсы дайындаламыз. Өзімізді мықты қырынан көрсетуге тырысамыз.

 

«Ордабасы» қыздар команда в келесі кездесуін 11 шілде күні Шымкент қаласында өткізеді. Ойын сағат 10:00-де басталады. Қарсылас – ФК «Тобыл».