«Ордабасы» футзал клубы плей-оффқа шықты!
Кеше футзалдан Қазақстан чемпионатының 43-турында «Ордабасы» мен «Атырау» командалары арасындағы кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды.
Ойынның алғашқы голын капитан Нұрсұлтан Пиялы соқты. Алайда, екінші таймда қонақтар екі голмен алға шықты. Матчтың аяқталуына үш минут қалғанда Нұрабек Қабылбаев есепті теңестіріп, командасына маңызды ұпай әкелді.
Бұл нәтиже «Ордабасы» командасына маусымның соңына дейін алтыншы орынды сақтап қалуға мүмкіндік берді және плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Бүгін команда «Атырауға» қарсы екінші матч өткізіп, тұрақты маусымды аяқтайды.