«Ордабасы» футбол клубының ресми мәлімдемесі.
Қазақстан премьер-лигасының 9-турындағы «Ордабасы» мен «Тобыл» арасындағы матч 18 мамырға жоспарланған болатын. Алайда, Костанайда өтуі тиіс ойын клубқа байланысты емес себептерге байланысты кейінге шегерілді. Команда матчқа қатыса алмады, себебі Шымкент пен Түркістан облысын шаңды дауыл мен күшті жел қамтыды, бұл өз кезегінде әуе қатынасының бұзылуына алып келді.
ФК «Ордабасы» спорт директоры Қайрат Әшірбеков жағдайды былай деп түсіндірді:
– «Ордабасы» не себепті Қостанайға жете алмады?
– 17 мамыр күні командамыз Түркістан – Қостанай бағытындағы рейспен ұшуы тиіс еді. Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты рейс екі рет кейінге қалдырылып, кейін мүлдем тоқтатылды. Шымкентке мәжбүрлі түрде оралғаннан кейін, біз шұғыл түрде балама нұсқаларды қарастыра бастадық: транзиттік ұшулар мен жер арқылы жету жолдарын зерттедік. Бірақ, бар күшімізге қарамастан, команда белгіленген уақытқа дейін Қостанайға жете алмады.
– Басқа жолмен жету мүмкіндігі болды ма?
Клуб барлық мүмкін бағыттарды қарастырды, бірақ уақыттың тығыздығы мен логистикалық шектеулерге (сапар ұзақтығы, қолжетімді рейстердің болмауы және т.б.) байланысты, ешбір нұсқа белгіленген мерзімде Қостанайға жетуге мүмкіндік бермеді. Біз қолдан келгеннің бәрін жасадық, бірақ кейбір жағдайларға әсер ете алмаймыз.
– Кәсіпқой клубтар арасындағы жарыстарды өткізу жөніндегі Қазақстан футбол федерациясының дирекциясы және «Тобыл» клубы хабардар етілді ме?
– Иә. 17 мамырда рейс тоқтатылған соң, біз Қазақстан футбол федерациясының дирекция басшылығына және «Тобыл» клубына жағдайды жедел түрде хабарладық. Клубтың барлық әрекеттері ұйымдастырушылармен келісе отырып, регламентке сай жүргізілді. Бұл біз үшін күтпеген жағдай және өкініш тудырады. Команда толыққанды дайындықтан өтті, біз сапалы ойын көрсетуге және жеңісті жолымызды жалғастыруға дайын едік. Алайда, өкінішке қарай, бізге бағынбайтын табиғи күштер бар. Біз бар күшімізді салдық, бірақ ауа райы бізден басым түсті.
– Матч қашан өтеді?
– Тиісті органдардың шешімімен матч белгісіз мерзімге шегерілді. Ойынның уақыты мен орны туралы қосымша хабарланады.
Түсіністік танытып, қолдау білдіргендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз.
-
Футбольный клуб «Ордабасы» сообщает, что матч 9-го тура Казахстанской Премьер-лиги против ФК «Тобол», запланированный на 18 мая в Костанае, перенесён по независящим от клуба причинам. Команда не смогла прибыть на игру из-за форс-мажорных погодных условий — Шымкент и Туркестанскую область накрыла пыльная буря и шквальный ветер, что нарушило авиасообщение.
Ситуацию прокомментировал спортивный директор ФК «Ордабасы» Кайрат Аширбеков:
- По какой причине «Ордабасы» не смог добраться до Костаная?
- 17 мая у нашей команды был запланирован рейс по маршруту Туркестан – Костанай. К сожалению, из-за неблагоприятных погодных условий рейс дважды откладывался, а впоследствии был полностью отменён. После вынужденного возвращения в Шымкент мы оперативно начали прорабатывать все возможные альтернативные варианты, включая перелёты с пересадками и наземный транспорт. Однако, несмотря на все усилия, прибытие команды в Костанай в срок оказалось невозможным.
- Были ли варианты добраться другим способом?
Клуб рассматривал все возможные пути, но из-за сжатых сроков и логистических ограничений (включая продолжительность поездки и отсутствие доступных рейсов) ни один способ не позволял добраться до места проведения матча в установленное время. Мы сделали всё возможное, чтобы добраться до места проведения матча, но, к сожалению, есть обстоятельства, на которые мы не можем повлиять.
- Была ли проинформированы Дирекция Казахстанской федерации футбола по проведению соревнований среди профессиональных клубов и «Тобол»?
- Да. Ещё 17 мая, сразу после окончательной отмены рейса, ФК «Ордабасы» оперативно уведомил руководство ПФЛК и ФК «Тобол» об отсутствии альтернативных способов добраться на матч. Все действия клуба были согласованы с организаторами и проведены в соответствии с регламентом. Для нас это большая неожиданность и разочарование. Команда прошла полноценную подготовку, мы были готовы показать качественный футбол и продолжить нашу серию успешных матчей. Но, к сожалению, есть обстоятельства, которые не зависят от нас. Мы сделали всё возможное, но погода оказалась сильнее.
- Когда состоится матч?
- По решению соответствующих органов матч перенесён на неопределённую дату. О времени и месте проведения встречи будет сообщено дополнительно.
Благодарим всех за понимание и поддержку.