Выбор языка:

SDadad

Строка для обьявлений 2

Поиск

  • Home
  • Видео-обзоры
  • «Ордабасы» футбол академиясының директоры Когай Сергей Владимирович баспасөз қызметіне берген сұхбаты.

«Ордабасы» футбол академиясының директоры Когай Сергей Владимирович баспасөз қызметіне берген сұхбаты.

  • Share this:
«Ордабасы» футбол академиясының директоры Когай Сергей Владимирович баспасөз қызметіне берген сұхбаты.

Ордабасы” футбол академиясының директоры Когай Сергей Владимирович баспасөз қызметіне берген сұхбаты.

Жыл басы жаттықтырушылардың тағайындалуымен басталды, кейбір командаларда бұл жоспарлы ротация болды, ал кейбір бапкерлерді «Оңтүстік Академиясынан» шақырдық. Барлық футбол мәселелері бойынша «Оңтүстік Академиясының» директоры Қожабаев Бақдәулет Бағланұлы және оның командасына зор алғысымды білдіремін. Біз нақты селекция өткіздік, бірақ айта кететін жайт, біз маусым бойы футболшыларды іздеуді жалғастырамыз, бұл жұмыс тоқтамайды. Әр жас деңгейі бойынша дайындық жоспары құрылды, жаттығулар мен жолдастық кездесулер өтуде. Ақпан және наурыз айларында біздің төрт командамыз республикалық турнирлерге қатысты, бұл турнирдің басты мақсаты – футболшыларға ойын тәжірибесін жинау, өйткені бұл турнирлерде жүлделі орындар болмады. Осы турнир барысында ойыншылар тәжірибе жинады, әр жас тобы бойынша талдау жасалып, командалардың күшті және әлсіз тұстары анықталды. Әр командаға 2025 маусымында үштікке кіру мақсаты қойылды. Біз «Ордабасы U18» командасына ерекше назар аударамыз, себебі QJ League жеңімпазы жастар Чемпиондар лигасында еліміздің намысын қорғайтын болады. Осы жас деңгейінде 5-6 команда алтын медаль үшін бәсекелеседі, бәсекелестік өте жоғары болады. Бірақ ең бастысы, академияның мақсаты – негізгі команда үшін футболшылар дайындау екенін ұмытпаған жөн. Сонымен қатар,«Ордабасы» ФК президенті Сейсембек Асхат Рашидұлының толық қолдауын атап өту қажет. Бізге тек жұмыс істеп, өз мақсаттарымызға жету қалды.