Кутаисиде тартысты ойында қарсыласқа есе жібердік
Кеше Грузияда "Ордабасы" УЕФА Конференция Лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында "Торпедо Кутаиси" клубымен кездесті. Голдар көп соғылған әсерлі матчта біздің команда 4:3 есебімен жеңіліп қалды.
Кездесу өте қарқынды және шабуылдарға толы өтті. Алдымен грузиялықтар есеп ашты, бірақ "Ордабасы" қысқа уақыт ішінде Михай Кэпэцынаның көмегімен есепті теңестірді, тіпті бірінші таймда есепте алға шықты. Лука Имнадзе Юрий Вакулконың керемет пасынан кейін, команламызды алға шығарды. Алайда қарсылас қайтадан таразы басын теңестіріп, бірінші тайм 2:2 есебімен аяқталды.
Екінші таймда да екі команда алма-кезек шабуылдап, тағы бірнеше голмен жанкүйерлерді қуантты. Сағадат Тұрсынбайдың голынан кейін “Ордабасы" 3:2 есебімен алға, алаң иелері матч соңына дейін екі гол соғып, жеңісті жұлып әкетті.
«Ордабасы» футбол клубының бас бапкері Андрей Мартин ойыннан кейінгі баспасөз қызметінде берген сұхбаты:
- Бұл Еурокубоктык ойынның бірінші кезеңі, екі деңгейі бірдей командалардың арасындағы ойын. Әрдайым айтып жүретінімдей, осындай матчтарда екі команда да тең мүмкіндікке ие – 50 де 50. Бұл жолы да солай болды. Барлығын ұсақ-түйек детальдар шешті. Өздеріңіз көрдіңіздер – бірде қарсылас алға шықты, бірде біз. Стандартты жағдайлар да шешуші рөл атқарды. Біз де сол арқылы гол соқтық, қарсылас та екі рет дәл солай көзге түсті. Матч жанкүйерлерге ұнағаны анық – тартысқа толы, голға бай кездесу болды. Бірақ жаттықтырушылар үшін оңайға соқпады – екі жақ та көп гол жіберіп алды. Жалпы, бұл – қос команданың лайықты ойыны болды. Енді бәрі алдағы қарымта кездесуде шешіледі.
Енді жауапты матч 17 шілде күні Шымкентте өтеді.