Ертең УЕФА Конференция лигасының бірінші кезеңі аясында «Ордабасы» мен «Торпедо» Кутаиси командалары арасында ойын өтеді.
Бүгін ойын алдындағы баспасөз мәслихаты өтті.
«Ордабасы» футбол клубының бас бапкері Андрей Мартин:
- Қазір біз маңызды кезеңдеміз — чемпионат ойындары және УЕФА Конференция лигасының ойындары қатар өтіп жатыр. Жігіттер жақсы дайындалған. Сенбі күні чемпионат матчын ойнадық, ал ертең, бес күннен кейін, «Торпедо» Кутаисиге қарсы іріктеу матчына шығамыз. Сол себепті мен командаға сенемін. Балалардың көңіл-күйі де, физикалық дайындығы да жақсы. Ертеңгі ойында өздерінің ең жақсы деңгейін көрсетеді деп ойлаймын.
«Ордабасы» футбол клубының ойыншысы Лука Имнадзе:
- «Торпедо» Кутаиси — өте жақсы команда. Ертең тамаша матч болады деп ойлаймын. Командаларының сапында өте мықты футболшылар бар, көпшілігін өзім де танимын. Ойын тартысты, қызу өтеді. Бір сөзбен айтқанда — нағыз шайқас болайын деп тұр. Жалпы, өте қызықты және күрделі ойын болады деп сенемін.
Ойын ертең Шымкент уақыты бойынша сағат 21:00-де өтеді. Тікелей эфирді QazSport телеарнасынан және Кинопоиск қосымшасынан қарай аласыздар.