«Ордабасының» жартылай қорғаушысы «Ақтөбемен» (2:2) болған ойын жайлы
– Біріншіден, жанкүйерлерге 90 минуттық қолдаулары үшін алғыс айтамын. Біз жылдам екі голды өткізіп алдық, бірақ жігіттер мінезді ойынмен есепті дұрыстады. Есепті теңестіргенімізбен, жеңіске жете алмадық. Бізде тек бір мақсат – бізді қолдауға келген жанкүйерлеріміз үшін жеңіске жету болды. Алдымызда чемпионаттың қорытынды ойыны жақындауда, жауапкершілікпен дайындаламыз.