Екінші Лига Оңтүстік-Батыс конференциясы аясында бірінші кездесуде «Ордабасы U21» командасы «Талас» ұжымына 0:1 есебімен есе жіберді.
«Ордабасы U21» командасының құрамы: Аян Әбдіхалық, Атахан Темірбек (с) (Әлібек Халдар 64), Равиль Насибов, Марғұлан Қоңар, Бақдәулет Нұралы, Саят Бәкіров, Жасұлан Әмір, Рамазан Сердалы (Маралхан Бердалы 84), Жахонгир Илашов (Диас Алтынбеков 53) , Диёрбек Мулажанов (Абылайхан Рахматулла 53), Бекнұр Ниязқұлов (Нұрби Маратұлы 84).
Келесі ойын жастарымыз Атырау қаласында жергілікті «Атырау U21» командасына қарсы өткізеді. Ойын 16-шы сәуір күні сағат 16:30-да өтетін болады.