Выбор языка:

Поиск

Рақмет, Хорватия!

  • Share this:
Рақмет, Хорватия!

Рақмет, Хорватия! 

 

Осы аптада біздің «Ордабасы U15» командасын үшін ұмытылмас халықаралық турнир аяқталды. Хорватияда өткен турнир біздің жігіттер үшін үлкен тәжірибе мен жаңа мүмкіндіктерге толы болды. Турнир қорытындысы бойынша командамыз үздік сегіздікке кірді. Бүкіл команда – ойыншылар да, бапкерлер де – әр матчта бар күшін салып, ел намысын лайықты қорғауға тырысты. Бұл турнир біздің балаларға тек футбол ойнау шеберлігін емес, сонымен қатар командалық рухты, шетелдік қарсыластармен ойнаудың ерекшелігін және халықаралық деңгейдегі ойын атмосферасын сезінуді үйретті.

 

Хорватияға жылы қарсы алғаны мен тамаша ұйымдастырылған турнир үшін шын жүректен алғыс айтамыз!