Выбор языка:

Поиск

QJ League Әйелдер Лигасы: "Ордабасы" W — "Ертіс" W — 3:1

  • Share this:
QJ League Әйелдер Лигасы: "Ордабасы" W — "Ертіс" W — 3:1

QJ League Әйелдер Лигасы: "Ордабасы" W — "Ертіс" W — 3:1

2025 жылғы 1 тамыз күні Шымкент қаласында өткен QJ League Әйелдер Лигасының кезекті турында "Ордабасы" W командасы өз алаңында "Ертіс" W командасын қабылдап, 3:1 есебімен маңызды жеңіске жетті.

Матч басында қарсылас команда есепте алға шықты. Бірінші таймда "Ордабасы" W ойыншыларына ойын ырғағын табу қиынға соқты. Дегенмен, екінші таймда қыздар ойынға толық кірісіп, шабуылдарды сәтті жүзеге асыра білді.

Гол авторлары:

 • 71-минут — Балсесім Тәліпбай

 • 75-минут — Диана Ситникова

 • 90+5-минут — Диана Ситникова

Ойынның екінші бөлігінде "Ордабасы" W командасы толық үстемдік орнатып, есепті өз пайдасына өзгертті. Әсіресе шабуыл шебіндегі нақты қимылдар мен қорғаныстағы сенімділік жеңістің кілті болды.

 

Ойыннан кейінгі сұхбаттар:

Валиев Тимур, "Ордабасы" W командасының жаттықтырушы көмекшісі:

"Баршаңызды сәлемдеймін. Ең алдымен, қарсылас командаға алғыс білдіремін — ойын қиын болды. Бірінші таймда ойынымыз жүрмей жатты, сондықтан үзілісте белгілі бір түзетулер енгіздік. Қыздарға ерекше алғысымды айтқым келеді — жанын салып ойнады, екінші таймда тапсырмаларды дұрыс орындады. Енді алдағы уақытта жұмысымызды жалғастырып, кеткен қателіктерімізді талдаймыз."

Мамыт Айзере, "Ордабасы" W командасының ойыншысы:

"Ойын оңай болмады, қиын өтті. Қарсыласымыз да мықты. Қыздардың барлығы тырысты. Бірінші таймда қатты ойын көрсете алмадық, бірақ екінші таймда жақсы ойнадық. Бар күшімізді салып жеңіске жеттік."

 

Келесі ойын:

"Ордабасы" W командасы келесі кездесуін 2025 жылғы 7 тамыз күні өткізеді. Команда сырт алаңда "Шахтер" W командасымен кездеседі. Матч Қарағанды қаласында сағат 10:00-де басталады.