Выбор языка:

Поиск

QJ League 9-тур: «Ордабасы» U-17 – «Іртіс» U-17 — 3:0

  • Share this:
QJ League 9-тур: «Ордабасы» U-17 – «Іртіс» U-17 — 3:0

QJ League 9-тур: «Ордабасы» U-17 – «Іртіс» U-17 — 3:0

 

2025 жылғы 6 шілде күні Шымкент қаласында QJ League 9-тур ойыны өтті. «Ордабасы» U-17 командасы өз алаңында павлодарлық «Іртіс» U-17 командасын 3:0 есебімен сенімді түрде жеңіп шықты. Бұл нәтиже «Ордабасы» командасы үшін қатарынан тоғызыншы жеңіс болып тіркелді. Маусым басталғалы бері шымкенттік жасөспірімдер бірде-бір жеңіліссіз келе жатыр.

 

Голдар:

35-минут — Адият Ортарбек

65-минут — Дилшот Ниязбеков

82-минут — Якубжан Рустемов

Ойынның бірінші бөлігінде қарсылас команда мықты қорғаныс ұйымдастырып, бірнеше шабуылға тойтарыс бере алды. Алайда, матч барысында «Ордабасы» ойыншылары ойын ырғағын өз қолына алып, басымдық көрсете бастады. Екінші таймда тактикалық ауыстырулар мен қосалқы ойыншылардың алаңға шығуы команданың шабуылдық қуатын арттыра түсті.

 

Ойыннан кейінгі сұхбаттар:

Дилшот Ниязбеков, «Ордабасы» академиясының ойыншысы:

 

«Қарсылас командаға рахмет айтқымыз келеді, бізге жақсы қарсылық көрсетті. Біз бұл матчқа жақсы дайындалдық, қиын ойын болатынын білдік. Соған қарамастан жеңіске жеттік, Аллаға шүкір. Тренерлік штабқа алғыс білдіремін — бізді осындай ойынға дайындап, дұрыс көңіл-күймен алаңға шығарды.»

 

Дербисбаев Ауелбек Серікович, «Ордабасы» U-17 бас бапкері:

 

«Құдайға шүкір, ойын өз нәтижесінде жеңіспен аяқталды. Апталық жаттығулар жақсы деңгейде өтті. Балалар сол тапсырмаларды орындауға тырысты. Бірінші таймда қиындықтар болды, қарсылас команда мықты қорғаныста ойнады. Екінші таймда қайта құрылым жасап, қосалқы ойыншыларды алаңға шығарып, ойын қарқынын арттыра алдық. Соның арқасында шабуылымыз күшейіп, нәтижеге қол жеткіздік.»

 

Келесі матч:

«Ордабасы» U-17 командасы келесі кездесуін 2025 жылғы 13 шілде күні сағат 16:00-де Астана қаласында қонақта өткізеді. Команда жеңісті жолын жалғастыру үшін тағы бір маңызды сынға түсетін болады.