Выбор языка:

Поддержите нас и наслаждайтесь захватывающим футболом вместе с «Ордабасы́»!

ФК «Ордабасы́»

Поиск

  • Главная
  • Новости
  • «Ордабасы» футбол орталығы жаңа маусымға командаларды дайындап жатыр.

«Ордабасы» футбол орталығы жаңа маусымға командаларды дайындап жатыр.

  • Share this:
«Ордабасы» футбол орталығы жаңа маусымға командаларды дайындап жатыр.

«Ордабасы» футбол орталығы жаңа маусымға командаларды дайындап жатыр.

 

Жасөспірім командаларды Қазақстан чемпионаттарына дайындау — бұл жай ғана жаттығулар мен күнтізбелік ойындар емес. Бұл — болашақ кәсіби футболшыларды дамытуға бағытталған кешенді және жүйелі жұмыс. «Ордабасы» футбол клубының академиясында бұған ерекше жауапкершілікпен қарайды. Бүгінде орталықтың бес командасы маусымның басталуына белсенді түрде дайындалып жатыр, ал кейбіреулері өз біріншіліктерін бастап та кетті.

 

Бүгінгі таңда академия құрылымында үш ұлдар командасы (2011, 2012 және 2013 жылдары туған) және екі қыздар командасы (2007–2008 және 2011–2012 жылдары туған) штаттық режимде жасөспірімдер арасында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына дайындалуда. Маусым алдындағы дайындық кезеңінде жаттығулар жоспарлы түрде өтті, командалық ойын, физикалық дайындық және ойыншылардың жеке даму деңгейіне ерекше көңіл бөлінді.

 

Сава Ковачевич, «Ордабасы» футбол академиясының бас бапкері-үйлестірушісі:  

«Біздің барлық командалар чемпионаттарға жүйелі түрде дайындалды: көптеген жолдастық матчтар өткізілді, соның ішінде басқа өңірлердің командаларымен де кездесулер өткізді. Біз республикалық турнирлерге қатыстық — Астанада да, жергілікті деңгейде де. Бұл ойындар құрамды сынап көру, ойын байланыстарын пысықтау және талдау жүргізу үшін өте маңызды болды. Біз кімнің маусымға дайын екенін, ал кімге әлі жұмыс істеу қажет екенін көре алдық. Қазір ресми матчтар басталған сәтте біздің жұмысымыз үнемі талдау мен нақты түзетулер кезеңіне өтті. Әрбір команданың алдына үштікке кіру міндеті қойылған, бірақ одан да маңыздысы — болашақта «Ордабасы» футбол командасының негізгі құрамында және Қазақстан құрамасында алаңға шыға алатын ойыншыларды даярлау. Біз жедел нәтиженің соңынан қумаймыз, біз клубымыздың және Қазақстандық футболдың болашағы үшін жұмыс істеп жатырмыз».

 

2024 жылғы 19 сәуірде еліміздегі жасөспірімдер арасында ең беделді турнирлерінің бірі — QJ League жаңа маусымы бастау алды. Өткен жылы «Ордабасы U18» күміс жүлдегер атанса, «Ордабасы U17» үшінші орынды иеленген еді. Биыл бұл турнирде академияның төрт командасы қатысады:

– «Ордабасы U18» (2008 жылы туған ойыншылар)  

– «Ордабасы U17» (2009 ж.)  

– «Ордабасы U16» (2010 ж.)  

– Қыздар командасы «Ордабасы U17» (2009–2010 ж.т.)  

 

«QJ League турниріне дайындықты 15 қаңтарда бастадық. Барлық командалар физикалық және функционалдық тестілеуден өтті, әрқайсысы тоғыз жолдастық және бес ресми ойында бақ сынады, олар Астанадағы республикалық турнир аясында өтті. Бұл ойыншыларды маусымға дұрыс, шамадан тыс жүктемесіз, бірақ қажетті ойын ырғағымен дайындауға мүмкіндік берді. 20 сәуір күні біздің командалар үшін турнир басталды. «Ордабасы U16» және «Ордабасы U17» командалары Қостанайда сенімді жеңістерге жетті — сәйкесінше 1:4 және 0:7 есебімен. «Ордабасы U18» Қостанайлық құрдастарымен 1:1 есебімен тең ойнады. Бұл жақсы бастама, осылай жалғастыра береміз! Барлық жас санаттарында лайықты өнер көрсетуге ниеттіміз және ең бастысы — жастарға үлкен футболдың дәмін сезінуге мүмкіндік беру», — дейді Сава Ковачевич.

 

«Ордабасы» академиясындағы іріктеу жүйесі нақты құрылымдалған және үш кезеңнен тұрады: қаңтар–ақпан, маусым және қараша. Әр үміткер алдымен жаттығу процесіне қосылады, содан кейін бірқатар талаптар бойынша бағаланады. Шешім бақылаулар, динамика және академия ойын принциптеріне сәйкестік негізінде қабылданады.

 

«Біз ашық және әділ жұмыс істейміз. Біз «Оңтүстік» Академиясымен тығыз әріптестік қарым-қатынас орнаттық. Біз бір бағытта жұмыс істейміз — Шымкент футболын дамытудамыз. Маусым басында төрт ойыншымыз «Оңтүстікке» жалға берілді, олар көбірек ойын тәжірибесін алу мақсатында осындай шешімге келдік. Ал бізге керісінше, сол академияның үздік ойыншылары «Ордабасыда» өздерін көрсетуге мүмкіндік алады. Бұл – өзара тиімді жүйе. Біз қаланың барлық таланттарына көз тігеміз. Биыл жылдың басында біздің түлегіміз Турдах Әділбек «Қайратқа» ауысты — бұл да біздің еңбегіміздің нәтижесі. Біз болашағы зор ойыншыны тәрбиелегенімге қуаныштымыз және оған мансабында сәттілік тілейміз.

 

Бұл біздің әдісіміздің жұмыс істейтінін, біз дұрыс жолда екенімізді көрсетеді».

 

Бүгінде «Ордабасы» футбол академиясында атқарып жатқан жұмыс — болашақ клубтың іргетасын қалау. Мұнда командалар матчқа дайындалмайды, мұнда футболшыларға жол салынады. Тәртіп, сенім, еңбек пен үздіксіз даму арқылы.

 

«Біздің философия — әрбір ойыншыға мүмкіндік беру, бірақ сонымен бірге ең жоғарғы талап қою. Егер сен біздің академияға қабылдансаң — сен өсуге көмектесетін жүйеге ендің. Бірақ бәрі ойыншының өзіне байланысты. Біз жас футболшыларға барлық жағдай жасаймыз және тәжірибе береміз. Қалғаны — олардың аяғында, ақылында және жүрегінде», — деп түйіндеді Сава Ковачевич.