Shymkent-Abay NIS мектебі мен еліміздің кәсіби спорт бренді—«Ордабасы» футбол клубы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Бұл серіктестік оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға және білім мен спорт арасындағы байланысты жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.
Меморандум аясында оқушыларға арналған шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды.







