Клуб жаңалықтары

06 Қараша «Ордабасы» футбол орталығының тәрбиеленушілері «Turkestan Cup 2021» жеңімпазы атанды!  «Ордабасы» футбол орталығының тәрбиеленушілері «Turkestan Cup 2021» жеңімпазы атанды!

Түркістанда 2011-2012 жылғы балалар арасындағы футбол орталықтарының жарысы аяқталды, ол турнирге Қарағанды, Қызылорда, Алматы, Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Екібастұз, Түркістан, Талдықорған, Ақтөбе және Шымкенттен келген 16 команда қатысты. Біздің жігіттер өз топтарында көш бастап, ширек финалға жолдама алды және «Алау» командасын тізе бүктірді (4:0). Ал жартылай финалда «Оқжетпесті» жеңді (4:1). «Ордабасының» футболшылары жарыстың басты ойынында «Шахтёрды» қапы қалдырып (4:0), үлкен жүлдеге ие болды!

Жарыстың үздік ойыншысы болып Нармаханбет Бексұлтан («Ордабасы» ФО) танылды, сонымен қатар үздік бапкер марапаты біздің команданың жаттықтырушысы Нұрболат Құрбанбаевқа табысталды.

«Ордабасы» ФО қатысқан ойындардың нәтижелері:

◉ «Ордабасы» - «ФШ Айбын» (Нұр-Сұлтан) 0:3
◉ «Ордабасы» - СОДЮФШ (Түркістан) 11:1 (Нармаханбет Бексұлтан-3, Әліптұр Нұрқанат-2, Қалмаханбет Әділет -2, Халмурат Сулейман, Алдан Санжар, Сейдазым Нұрасыл, Қалдыбай Нұрислам)
◉ «Ордабасы» - «Намыс» (Қызылорда) 11:0
(Нармаханбет Бексұлтан-3, Әліптұр Нұрқанат-3, Бақтыбай Әділет, Қалдыбай Нұрислам, Қалмаханбет Әділет, Абибулла Зейнулла, Сейдазым Нұрасыл)
◉ «Ордабасы» - «Алау» (Түркістан) 4:0 (Нармаханбет Бексұлтан-2, Сейдазым Нұрасыл-2)
◉ «Ордабасы» - «Оқжетпес» (Көкшетау) 4:1 (Нармаханбет Бексұлтан-2, Сейдазым Нұрасыл-2)
◉ «Ордабасы» - «Шахтер» (Қарағанды) 4:0 (Нармаханбет Бексұлтан-2, Сейдазым Нұрасыл-2)

Жігіттерді құттықтаймыз және болашақта үлкен жарыстарда жарқын жеңістерге қол жеткізулерін тілейміз!






comments powered by HyperComments

Матч-центр