Клуб жаңалықтары

01 Қараша Александр Седнев: «Шынына келсек, команда еуропалық жарыстарға әлі дайын емес» Александр Седнев: «Шынына келсек, команда еуропалық жарыстарға әлі дайын емес»
«Ордабасының» бас бапкері командасының OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатындағы (2021 жылғы маусым) ойындарын қорытындылады.

- Футболшыларға жоғарғы дәрежеде өнер көрсеткендері үшін үлкен алғыс білдіремін. Біздің командамыз ағымдағы маусымда біршама өзгерістерді бастан өткерді. Бірақ ойыншыларымыз ештеңеге қарамастан, ойында да, жаттығуда да бар күштерін салды, олар тек мақтау сөздерге лайық деп білемін. Мен өзімнің бапкерлік штабыма да, команданы кездесулерге дайындауға көмектескен жандарға рахмет айтқым келеді. Адал жанкүйерлерімізге де мың алғыс, ал Шымкенттен тыс жерлерге келіп қолдаған адамдарға ерекше рахмет айтамын, олар команданы жылы жүзбен қолдады, тіпті жеңілістен кейін де футболшыларға тек алғыс сөздерін айтып жатты. Сонымен қатар көрермендеріміздің біздің жергілікті Қажымұқан стадионындағы өте әсерлі қолдауларын да атап өткім келеді, бұл біз үшін өте қымбат. Мүмкін біздің қолымыздан кейбір нәрселер келмеген шығар, бірақ шынына келсек, команда еуропалық жарыстарға әлі дайын емес. Меніңше егер командада барлығы жақсы болса, көптеген сыбыстар мен пікірлерге қарамастан бұл қала маусым сайын еурокубоктерге қатысатын командаға лайық. Бұл үшін 1-2 адамның ойы емес, баршаның ортақ шынайы құлшынысы керек. Маған «Ордабасыны» сеніп тапсырғандарына, қалаға, бізге соңына дейін сеніп, қолдау көрсеткендерге алғыстан басқа нәрсе айтпаймын.

 






comments powered by HyperComments

Матч-центр