Клуб жаңалықтары

26 Қазан «Ордабасы» футбол орталығының футболшылары Қазақстан Чемпионатының қола жүлдегерлері! «Ордабасы» футбол орталығының футболшылары Қазақстан Чемпионатының қола жүлдегерлері!
ҚР Футбол орталықтары мен академиялары арасындағы Чемпионатының 5-кезеңінің қорытындысы бойынша «Ордабасының» 2007 жылғы тәрбиеленушілері қола жүлдені жеңіп алды.
Бекзат Ояев пен Жасұлан Құдайбергеновтың баптауымен жас футболшыларымыз Шымкенттегі ақтық кезеңнің барлық ойындарында жеңіске жетті.

«Ордабасы» ФО-ның қатысуымен өткен ойындардың нәтижелері:

◉ «Ордабасы 2007» - «Жетісу 2007» 4:1 (Сәдуақас Мұхаммед, Мелдебек Ғазиз, Илашов Жахонгир, Ермекұлы Ердаут)
◉ «Ордабасы 2007» - «Қайсар 2007» 3:0 (Сәдуақас Мұхаммед, Маратұлы Нұрби, Есеналиев Жаналi)
◉ «Ордабасы 2007» - «Тараз 2007» 2:0 (Сәдуақас Мұхаммед - 2)
◉ «Ордабасы 2007» - «Атырау 2007» 2:0 (Сәдуақас Мухаммед, Илашов Жахонгир)

Жігіттерді құттықтаймыз және алдағы уақытта үлкен жарыстарда жарқын жеңістерге қол жеткізулерін тілейміз!
 





comments powered by HyperComments

Матч-центр