Клуб жаңалықтары

25 Қазан «Ордабасы» Футбол орталығының футболшылары Қазақстан Чемпионатының күміс жүлдегерлері атанды! «Ордабасы» Футбол орталығының футболшылары Қазақстан Чемпионатының күміс жүлдегерлері атанды!

ҚР Футбол орталықтары мен академиялары арасындағы Чемпионатының 5 кезеңінің қорытындысы бойынша «Ордабасының» 2009 жылы туған тәрбиеленушілері күміс жүлдеге ие болды.
Бауыржан Жақсылықовтың командасы Қызылордада «Жетісу» мен «Қайсарды» қапыда қалдырып, «Таразға» есе жіберді.

«Ордабасы» ФО-ның қатысуымен өткен ойындар:

◉ «Ордабасы 2009» - «Жетісу 2009» 5:0 (Берікбай Диар - 2, Турдах Әділбек, Жылқайдар Абылай, Батырбек Бағжан)
◉ «Ордабасы 2009» - «Қайсар 2009» 2:0 (Миралиев Умиджон, Берікбай Диар)
◉ «Ордабасы 2009» - «Тараз 2009» 1:2 (Турдах Әділбек)

Жігіттерімізді құттықтай отырып, оларға алдағы уақытта үлкен жарыстарда жарқын жеңістерге қол жеткізулерін тілейміз!






comments powered by HyperComments

Матч-центр