Клуб жаңалықтары

24 Қазан Эльхан Астанов пен Абдуллай Диакате OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатының 24 турында үздік деп танылған ойыншылардың құрамына енді. Эльхан Астанов пен Абдуллай Диакате OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатының 24 турында үздік деп танылған ойыншылардың құрамына енді.

Орталық жартылай қорғаушылар: Абдуллай Диакате мен Эльхан Астанов (екеуі де - «Ордабасы»).

«Ордабасының» «Атыраумен» болған ойындағы нәтиже «мұнайшылар» қақпасына екі бірдей голды соққан жартылай қорғаушылар - Диакате мен Астановтың арқасы деуге болады. Сонымен қатар Абдуллай доп үшін болған 14 күресте жеңіске жетіп, 5 мәрте қарсыласты алдап өтті және 4 рет допты тартып алды. Іс-әрекеттер индексі - 285.

Астанов өз мансабындағы ең әсерлі ойындарының бірін өткізді. Оның көрсеткіші өте жақсы – айып алаңына асырылған 2 пас, 5 рет қарсыласты алдап өту және қақпаға жасалған 6 соққы. Іс-әрекеттер индексі - 307.






comments powered by HyperComments

Матч-центр