Клуб жаңалықтары

21 Қазан «Ордабасының» әйелдер командасы Қазақстан чемпиондары! «Ордабасының» әйелдер командасы Қазақстан чемпиондары!

Нұр-Сұлтан мен Ақтөбеде 2005-2006 және 2007-2008 жылға дейінгі әйел командалары арасындағы ел чемпионатының ақтық ойындары аяқталды.

«Ордабасының» тәрбиеленушілері Жандос Сарманов пен Азамат Аманбаевтың баптауымен басты жүлдеге қол жеткізу жолында «Атырау» (10:0), «Қайрат» (3:0) және «Шахтёр» (8:0) командаларын жеңіп, алтынға ие болды.

Жарыстың үздік ойыншысы болып біздің футболшымыз - Алина Лозукова танылды.
Сонымен қатар біздің футболшы қыздарымыз Анеля Ержанова мен Анеля Мамырова жарыс қорытындысы бойынша үздік жартылай қорғаушы және үздік шабуылшы марапаттарын иемденді.

Қыздарымызды құттықтай отырып, алдағы уақытта үлкен жарыстарда жарқын жеңістерге қол жеткізулерін тілейміз!






comments powered by HyperComments

Матч-центр