Клуб жаңалықтары

03 Қазан «Ордабасы» футбол орталығының тәрбиеленушілері «Namys Cup 2021» жарысының жеңімпаздары атанды «Ордабасы» футбол орталығының тәрбиеленушілері «Namys Cup 2021» жарысының жеңімпаздары атанды
Нұр-Сұлтанда 2012 жылғы балалар арасында өткен жарыс өз мәресіне жетті. Топтық кезеңді шымкенттіктер бірінші орынмен аяқтап, ширек финалға шықты және «Шахтёрды» 6:4 есебімен жеңді. Жартылай финалда алаң иелері - «Астанаға» қарсы өткен тартысқа толы ойында шымкенттіктер жеңіске жетті (7:5). Кубок үшін болған басты кездесуде «Ордабасы» «Оқжетпесті» 4:2 есебімен ұтып, айтулы кубокты жеңіп алды!

Турнирдің үздік сұрмергені Батырхан Арман («Ордабасы» ФО) атанды, сонымен қатар үздік бапкер болып командамыздың жаттықтырушысы Жасұлан Серікұлы танылды.

Жігіттерді құттықтаймыз және болашақта үлкен жарыстарда жарқын жеңістерге қол жеткізулерін тілейміз!





comments powered by HyperComments

Матч-центр