Клуб жаңалықтары

01 Қазан Тұрсынбай мен Астанов Қазақстан ұлттық құрамасына шақыртылды Тұрсынбай мен Астанов Қазақстан ұлттық құрамасына шақыртылды

Шымкенттік футболдың тәрбиеленушілері, шымкенттік «Ордабасының» футболшылары қорғаушы Сағадат Тұрсынбай мен жартылай қорғаушы Сұлтанбек Астанов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфиновтың шешімімен Әлем Чемпионаты 2022 іріктеу кезеңі аясында өтетін қазан айындағы Финляндия мен Босния және Герцеговина құрамаларына қарсы матчтарда ойнау үшін ел командасының құрамына ілікті.

◉ Сонымен қатар, кеңейтілген құрамда «Ордабасының» тағы бір өкілі - қақпашы Бекхан Шайзада бар.

✓ Еске салайық, ойындар Нұр-Сұлтанда, «Астана Арена» стадионында 9-шы және 12-ші қазан аралығында өтеді.






comments powered by HyperComments

Матч-центр