Клуб жаңалықтары

28 Қыркүйек Александр Седнев: «Гол соғу үшін жеткілікті сәттер жасадық, алайда оларды пайдаланбадық» Александр Седнев: «Гол соғу үшін жеткілікті сәттер жасадық, алайда оларды пайдаланбадық»
Шымкенттік команданың бапкері «Ордабасы» - «Каспий» 1:1 матчы жайлы пікірін айтты

- Екі команда да жеңіс үшін ойнаған жақсы кездесу болды. Бірінші таймда қарсылас алаңдағы басымдыққа ие болды, бірақ екі команданың қақпасында қауіпті сәттер көп болды дей алмаймын. Жалпы болған мүмкіндіктердің барлығы голға айналды. Екінші таймда біз агрессивті түрде ойнадық, гол салу үшін жеткілікті сәттер жасадық. Алайда, өкінішке орай оларды пайдаланбадық. Әзірге мүмкіндікті пайдалану мәселесі қиындық тудырады және бұл біз үшін ащы тақырып. Бірақ осыған қарамастан мен өз ойыншыларыма жан салып ойнағандары үшін алғыс білдіремін, біз қазіргі сәтте қалай ойнай алатын болсақ солай өзімізді көрсеттік және жеңіске жету үшін барлығын жасадық, бұл үшін оларға ерекше құрмет. Көшбасшыларға қарсы сырт алаңдағы ойынға дайындалып, оң нәтиже үшін барымызды салуға тырысамыз. Дәстүрлі түрде жанкүйерлерімізге рахмет айтамын. Әлбетте, өз үйімізде ойнап, күшіміз азайғанда жанкүйерлерімізге жүгіну өте керемет сезім, олар бізді қосымша қуаттайды. Оларды жеңіспен қуантқымыз келді, алайда тағы бір дәл соққы жетіспеді.






comments powered by HyperComments

Матч-центр