Клуб жаңалықтары

19 Қыркүйек Мухаммаджон Рахимов: «Біз тек жеңіс үшін ойнадық, бірақ өкінішке орай, бүгін бұл қолымыздан келмеді» Мухаммаджон Рахимов: «Біз тек жеңіс үшін ойнадық, бірақ өкінішке орай, бүгін бұл қолымыздан келмеді»
Гол авторы, «көк-ақтардың» жартылай қорғаушысы «Тұран» - «Ордабасы» 1:1 ойыны жөнінде пікірін білдірді  

- Біз бүгінгі «Тұранмен» ойында өзіміздің жанкүйерлерімізді қуантқымыз келді. Біз тек жеңіс үшін ойнадық, бірақ өкінішке орай, бүгін бұл қолымыздан келмеді. Әрине, мен өзімнің чемпионаттағы алғашқы голыма қуаныштымын, алайда команданың жеңісі одан бетер көңілімді көтерер еді. Біз үшін жанкүйерлік еткен барша көрермендерге алғыс айтқым келеді, біз олардың қолдауларын сезіндік. Келесі матчқа дайындалып, оң нәтижеге қол жеткізу үшін бар күшімізді саламыз.






comments powered by HyperComments

Матч-центр