Клуб жаңалықтары

19 Қыркүйек Александр Седнев: «Тең есепке разымыз деп айта алмаймын, бірақ нәтиже заңдылыққа сәйкес» Александр Седнев: «Тең есепке разымыз деп айта алмаймын, бірақ нәтиже заңдылыққа сәйкес»
Шымкенттіктердің бас бапкері «Тұран» - «Ордабасы» 1:1 матчы жайлы пікірін айтты

- Ұрысқа толы ойын және заңдылыққа сай нәтиже. Екі команда да жеңіске жеткісі келді, сол себепті біз мұндай матчта есе жібере алмадық. Ойынның өзі эстетикалық бола қоймады, күрес пен әбігерлік көп орын алды, алайда күрес ымырасыз болып жатты. Кездесудің маңызды сәттерінде бізді қосалқы құрамнан матчты құтқару мақсатында көмекке шыққан ойыншылар мен пенальтиді қайтарған Бекхан Шайзада құтқарды. Сол үшін мен тең есепке разымыз деп айта алмаймын, бірақ нәтиже заңдылыққа сәйкес және есеп ойынға сай. Кезекті мәрте мен бізбен бірге көптеген шақырымды артқа тастап, Шымкенттен келген жанкүйерлерге алғысымды білдіремін, олардың реакцияларына қарағанда, олар біздің ұтылмайтынымызға өте қатты сенді. Оларға және біздің бүгінгі матчқа келе алмаған басқа да жанкүйерлерімізге рахмет айтамын. Біз олардың үміттерін ақтамағанда өте өкінішті болар еді.






comments powered by HyperComments

Матч-центр