Клуб жаңалықтары

15 Қыркүйек Үш бірдей ойыншымыз аптаның үздіктер құрамасына енді Үш бірдей ойыншымыз аптаның үздіктер құрамасына енді

◉ Орталық қорғаушы: Александр Клещенко

«Ордабасының» ойыншысы «Қайрат» қақпасына жеңісті голды соқты, онымен қоса 11 мәрте күресті жеңіп, 11 рет допқа тосқауыл бола білді.
Іс-әрекеттер индексі – 305.

◉ Тіреуші жартылай қорғаушылар: Абдуллай Диакате, Чиди Осучукву.

«Ордабасының» қорғаныс шебіне жауапты жартылай қорғаушылар өте сапалы матч өткізді. Осучукву 87% дәлдікпен 3 қауіпті пас берді, оның екеуі голға ұласты. Чиди сонымен қатар, 11 рет допқа тосқауыл болып, 2 күресті сәтті жеңді және 6 мәрте допқа талассыз иелік етті, оның төртеуі қарсыластың алаңында. Диакате команданың алғашқы голының авторы атанды. Ол 10 күресті жеңіп, 4 рет допты тартып алды және 1 рет қарсыласты алдап өтті.
Осучуквудың іс-әрекеттер индексі – 305.
Ал Диакатенікі – 301.






comments powered by HyperComments

Матч-центр