Клуб жаңалықтары

11 Қыркүйек Жақсы жаңалық!!! Жақсы жаңалық!!!
Құрметті жанкүйерлер! «Ордабасы» - «Қайрат» ойынына стадион сыйымдылығынан 20% (3.600 адамға дейін) жанкүйерлердің кіруіне рұқсат алғанын хабарлаймыз.  

Матчқа «Ashyq» қосымшасында мәртебесі «жасыл» болған көрермендер ғана кіре алады.

Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, демалыс күндері мекемелерге тек «Ashyq» қосымшасынде «жасыл» түсті мәртебесі бар қызметкерлер мен келушер ғана кіре алады.
Осыған орай, стадионға «жасыл» мәртебесі бар азаматтар ғана бара алады.

Жанкүйерлерден бұл жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Билеттерді орталық стадионнан 11-12 қыркүйекте 10:00-ден 18:00-ге дейінгі аралықта сатып алуға болады.






comments powered by HyperComments

Матч-центр