Клуб жаңалықтары

27 Тамыз Көңіл айтамыз Көңіл айтамыз

«Ордабасы» футбол клубы қазақ футболының аңызы, әйгілі футболшы және бапкер Фанас Салимовтың өмірден озуына байланысты оның жақындары мен туған-туыстарына қайғыра көңіл айтады.

Салимов Фанас Нағимұлы - шымкенттік футболдың түлегі, оның алғашқы кәсіби командасы «Мелиоратор» клубы болған (Шымкент). Сонымен қатар, Қазақстан және Украина командалары сапында доп тепкен. Мансабын аяқтағаннан соң бірнеше жыл футбол төрешісі болды, ал содан соң «Ордабасы» ФК-ның бапкерлер құрамында жұмыс атқарды.

Фанас Нағимұлы біздің жадымызда мәңгілікке жоғарғы деңгейдегі маман және өте жақсы адам ретінде сақталады.






comments powered by HyperComments

Матч-центр