Клуб жаңалықтары

23 Тамыз Сұлтанбек Астанов Қазақстан құрамасының негізгі құрамына шақырту алды Сұлтанбек Астанов Қазақстан құрамасының негізгі құрамына шақырту алды

Бұған дейін «Ордабасының» жартылай қорғаушысы құраманың қосалқы құрамына іліккен еді. Алайда Қазақстан Кубогының топтық кезеңі аясындағы соңғы ойыннан кейін Ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов, Сұлтанбек Астановты негізгі құрамға шақыруға бел буды.

Қазақстан құрамасы қыркүйекте үш бірдей ойын өткізеді: 1 қыркүйекте өз алаңында Украинаға қарсы кездеседі, 4 қыркүйекте сырт алаңда Финляндиямен ойнайды және 7 қыркүйекте Босния мен Герцеговинаға қонаққа барады.






comments powered by HyperComments

Матч-центр