Клуб жаңалықтары

21 Шілде Ресми: Мухаммаджон Рахимов - «Ордабасы» ойыншысы Ресми: Мухаммаджон Рахимов - «Ордабасы» ойыншысы
«Ордабасы» футбол клубы Тәжікстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Мухаммаджон Рахимовпен келісім-шартқа отырды.  

◉ Рахимов мансабын тәжікстандық «Баркчи» клубында бастаған. Кейіннен «Хосилот» сапында ойнады. 2017 жылдан бері елдің белді клубы «Истиклолда» доп тепті, командада барлығы - 57 ойын өткізіп, 13 гол соққан.

2017, 2018, 2019 жылдардағы Тәжікстан чемпионы.
AFC Cup-тың 2017 жылғы күміс жүлдегері.
2018, 2019 жылдардағы Тәжікстан Кубогының жеңімпазы.
Тәжікстан Суперкубогының иегері.

Тәжікстан ұлттық құрамасы сапындағы алғашқы ойынын 2016 жылы өткізген. Елдің басты командасының құрамында ол - 32 кездесу өткізіп, 1 гол соққан.

⦿ Анықтама: Мухаммаджон Рахимов (Muhammadjon Rahimov)
Туған күні: 1998 жылдың 15 қазаны. (22 жас)
Алаңдағы орны: жартылай қорғаушы
Азаматтығы: Тәжікстан






comments powered by HyperComments

Матч-центр