Клуб жаңалықтары

19 Шілде Александр Седнев: «Біз бүгін әлдеқайда мықтырақ ойнай алатын едік» Александр Седнев: «Біз бүгін әлдеқайда мықтырақ ойнай алатын едік»
«Ордабасының» бас бапкері шымкенттік клубтың тарапына 3:1 – есебімен аяқталған БЖМОРСМ N8-ге қарсы OLIMPBET-Қазақстан Кубогының 2 тур ойыны жайлы пікірін айтты.

- Мен баршаңызды жеңіспен құттықтағым келеді! Біз жақсы ойнай алатын командамен ойында жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз. Біз бүгін әлдеқайда мықтырақ ойнай алатын едік, бізде бүгін көптеген ойыншы дебют жасады, мен оларға үлкен футболда тек ақ жол тілеймін. Барлығы өздерінің қолдарында, қазір оларда өздерін көрсету үшін таптырмас мүмкіндік бар. Олар мұны түсініп, мүмкіндікті пайдалану үшін қолдарынан келгеннің бәрін жасайды деп үміттенемін. Біз бүгін жеткілікті түрде әмбебап ойын өткіздік, шабуыл жасай отырып, қарсыласты өз қақпасынан күтіп алдық. Бұл өте қиын, кубоктік ойында жүйке жұқарғаны анық және менің байқауымша матч алаңда жүрген ойыншылардың мүмкіншіліктеріне қарағанда өте қызық болған секілді. Енді бізді сырт алаңдағы ойын күтуде, ол өте қиын болмақ, әлбетте біздің командада ауысымдар орын алады. Біз тек оң нәтижеге мақсат қоямыз, ал оның орын алуын немесе алмауын тек уақыт көрсетеді.






comments powered by HyperComments

Матч-центр