Клуб жаңалықтары

14 Шілде «Ордабасыдағы» бос жұмыс орындары «Ордабасыдағы» бос жұмыс орындары
«Ордабасы» футбол клубында маркетолог лауазымына бос орын бар.

Барша жұмыс іздеушілерге біз футбол айналасындағы қызықты жұмыс орнын ұсынамыз.
Бұл қызметке біз сауатты, көпшіл және креативті адамдарды іздейміз.
◉ Кандидаттарға арналған талаптар:
- Жоғарғы білім (Маркетолог дипломы немесе кем дегенде 2 жыл маркетинг саласында қызметте болу)
- сауаттылық
- бастамашылдық
- жақсы қарым-қатынас
◉ Міндеттері:
- Клубтың жарнамалық кампаниясын жүргізу.
- Клубтың кәдесый өнімдерін өндіруді және сатуды ұйымдастыру.
- клубтың баға саясатын құру және жоспарлау.
- маркетингтік қызметтермен өзара әрекеттесу.
- клубтың жарнама алаңдары үшін жарнама берушілер мен демеушілерді іздеу.
- Футбол менеджментін жүргізе білуі сұралады.
✓ Жалақы мөлшері сұқбаттасқаннан соң нақтыланады.

Түйіндемені байланыс ақпаратымен бірге мына поштаға жіберіңіз: fcordabasy1949@gmail.com






comments powered by HyperComments

Матч-центр