Клуб жаңалықтары

09 Шілде OLIMPBET-Қазақстан Кубогының 1 турында «Ордабасы» «Шахтермен» кездеседі OLIMPBET-Қазақстан Кубогының 1 турында «Ордабасы» «Шахтермен» кездеседі

11 шілдеде OLIMPBET-Қазақстан Кубогының 1 турында шымкенттік «Ордабасы» өз алаңында қарағандылық «Шахтермен» кездеседі.

Матч Шымкентте, Қажымұқан атындағы Орталық стадионда өтеді. Ойын 21:00-де басталады.

✓ Қазақстан Кубогында қос тарап өзара барлығы - 3 кездесу өткізген. «Ордабасы» 2 матчта жеңіске жетсе, «Шахтер» футболшыларының қоржынында 1 жеңіс бар.

- 20%-ға ғана рұқсат берілгендіктен, орын саны шектеулі (3.600 адамға дейін).
- Барша жанкүйерлер «ASHYQ» қосымшасын жүктеп, өздерінің мәртебелерін алдын ала білу міндетті.

Билеттерді стадион кассаларында 10 шілдеде, сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін және 11 шілдеде, сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін сатып алуға болады.

Жанкүйерлер матчты тікелей эфирде «Qazsport» телеарнасынан көре алады






comments powered by HyperComments

Матч-центр