Клуб жаңалықтары

08 Маусым Чемпиондар! Чемпиондар!

«Ордабасы» футбол орталығының 2010-жылғы тәрбиленушілері Балаларды қорғау күні мен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай Қапшағай қаласында өткізілген жарыста топ жарды.
Финалға дейінгі жолда футболшыларымыз барлық қатысушыларды тізе бүктірді:
⦿ «Ордабасы 2010» - «ЦСКА 2010» 8:0
(Асан Ибраһим-2 , Мусаев Аскар-2, Қалмаханбет Джамиль, Лұқпан Нурислам, Сағынділда Даниял, Тілеуке Нұртас)
⦿ «Ордабасы 2010» - «БЖСМ 2010» (Түркістан) 2:0
(Мусаев Аскар, Сағынділда Даниял)
⦿ «Ордабасы 2010» - «Жетісу 2010» 1:0
(Асан Ибраһим)
⦿ «Ордабасы 2010» - «БЖСМ 2010» (Шымкент) 1:0
(Асан Ибраһим)

Ақтық мәреде біздің жастарымыз Еркебұлан Серікұлының баптауымен түркістандық құрдастарын жеңді 1:1 (Асан Ибраһим). (пен. 5:3).

Жарыста өздерін үздік ретінде көрсеткендер мадақтамалармен мараппаталды:
◉ Үздік қақпашы - Асилбек Шохан («Ордабасы»)
◉ Үздік қорғаушы - Жолдасбек Думан («Ордабасы»)
◉ Жарыстың үздік ойыншысы - Асан Ибраһим («Ордабасы»)

Чемпиондарымызды құттықтаймыз және болашақта үлкен жарыстарда жарқын жеңістерге қол жеткізулерін тілейміз!






comments powered by HyperComments

Матч-центр