Клуб жаңалықтары

07 Маусым Біз - чемпиондармыз! Біз - чемпиондармыз!

«Ордабасының» 2011-жылғы жас футболшылары Алматыда өткен «Самат Смақов Кубогының» жеңімпаздары атанды.
Ақтық мәреге дейінгі жолда ойыншылар мынадай нәтижелер көрсетті:
⦿ «Ордабасы 2011» - «Саран 2011» 4:0
(Қалмаханбет Әділет, Бақтыбай Әділет, Буранбаев Нұрдаулет, Қалдыбай Нурислам)
⦿ «Ордабасы 2011» - «Джейран 2011» 2:0
(Қалмаханбет Әділет, Әліптұр Нұрқанат)
⦿ «Ордабасы 2011» - «Алтын Адам 2011» 7:1
(Нармаханбет Бексұлтан-3, Бақтыбай Әділет-2, Абдразақ Ерасыл, Буранбаев Нұрдаулет)
⦿ «Ордабасы 2011» - «Жастар 2011» 7:0
(Нармаханбет Бексұлтан-3, Қалдыбай Нурислам-2, Абдразақ Ерасыл, Бақтыбай Әділет)

⦿ Финалда Нұрболат Құрбанбаевтың шәкірттері пенальти сериясынан талдықорғандық команданы жеңді 1:1 (Халилов Таир). (пен. 5:4)

Жарыстың үздік ойыншылары арнайы мадақтамаларға ие болды:
◉ Үздік шабуылшы - Бақтыбай Әділет («Ордабасы»)
◉ Жарыстың үздік ойыншысы - Әліптұр Нұрқанат («Ордабасы»)

Чемпиондарымызды құттықтаймыз және болашақта үлкен жарыстарда жарқын жеңістерге қол жеткізулерін тілейміз!






comments powered by HyperComments

Матч-центр