Клуб жаңалықтары

25 Мамыр Тұңғышбаев Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды Тұңғышбаев Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды

Ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов УЕФА Әлем Кубогының іріктеу кезеңіне дайындық аясында өтетін жолдастық кездесулерге шақыртылған ойыншыларды атады. Олардың ішінде «Ордабасының» жартылай қорғаушысы - Еркебұлан Тұңғышбаев та бар.

◉ Сонымен қатар, қосалқы құрамда екі шымкенттік - қақпашы Бекхан Шайзада мен қорғаушы Темірлан Ерланов бар.

✓ Қазақстан ұлттық құрамасы 4 маусым күні Солтүстік Македониямен Скопьеде және сол айдың 7-жұлдызында Мальта құрамасымен Вольфсбергте кездеседі.






comments powered by HyperComments

Матч-центр