Клуб жаңалықтары

24 Мамыр Александр Седнев: «Қателіктерімізді түзейміз, қазір өршілдікке орын жоқ» Александр Седнев: «Қателіктерімізді түзейміз, қазір өршілдікке орын жоқ»
Шымкенттіктердің бас бапкері «Ордабасы» - «Тараз» ойыны жайлы пікірін білдірді

- Кезекті рет бізге жеңіс бұйырмады, тағы да ойын барысында тең есепке тырысып жүрміз, өз-өзімізге гол әкеліп жүрміз деуге болады. Бар күшімізді салып тең есепке талпынамыз, біз допқа иелік етеміз, алайда бұл артықшылыққа жатпайды. Команда үшін қазір өте ауыр кезең. Жарақат алған ойыншылар енді ғана қалыпқа келуде, командалық ойын қайта құрылуда, біз сәл сенімдірек бола түстік. Бізге шабуылда аздап агрессивті болу керек, бірақ біз тек жеке шеберлікке сенім артамыз, ал ол өкінішке орай ойыншылардың қазіргі жағдайына сай емес. Сабырға келіп, бұл кезеңді тектен текке бастан өткермей, қайта ойлану қажет. Қателіктерімізді түзейміз, қазір өршілдікке орын жоқ, біз қазір жеңісті нәтижеге қол жеткізу үшін барымызды салуымыз керек. Бізге ауыр жүк те артылып тұр, бірінші кезекте психологиялық, біздің жеңбегенімізге көп болды және бұл командаға белгілі бір әсерін тигізеді. Мен футболшыларға өздерін командаға арнаулары мен жеңіске деген құлшыныстарына мін таға алмаймын. Алғашқы голдан кейін, біздің ойыншыларды алға қарай ұмтылдырған жанкүйерлерді атап өткім келеді және олардың жауапты голға да қатысы бар екендерін сенімді айта аламын. Біз қазір олардың қазір ауадай қажет болып тұрған қолдауларына разымыз.






comments powered by HyperComments

Матч-центр