Клуб жаңалықтары

23 Мамыр Жоао Пауло: «Мен жарақатымның мәселесі бойынша ғана ойнамадым, басқа ешқандай себептер болмады» Жоао Пауло: «Мен жарақатымның мәселесі бойынша ғана ойнамадым, басқа ешқандай себептер болмады»
«Ордабасының» бразилиялық шабуылшысы желідегі өзінің шымкенттік команда сапында жоқтығы туралы жаңалық жайлы пікірін айтты.

- Айтқым келетіні, мен жарақатымның мәселесі бойынша ғана ойнамадым, басқа ешқандай себептер болмады. Мұндай ақпараттарды кімдердің шығаратынын білмеймін, шын өмірде ол адамдар мені танымайды және командадағы жағдайды түсінбейді де. Менде санның артқы бөлігінде жарақат болды, сол себепті мен соңғы ойындарға қатыспадым. Құдайға шүкір, қазір бәрі де жақсы. Меніңше, орынсыз болжамдар футболшының мансабына қатты әсер етеді, мұндай заттармен әзілдеуге болмайды. Бұл «Ордабасы» жанкүйерлеріне қатты әсер етіп, олар өз кезегінде мен жайлы және жалпы клуб жайлы жаман ойлап қалулары мүмкін. Менің «Ордабасымен» келісім-шартым бар және мен тек футбол ойнағым келеді, мен Бразилиядағы отбасымнан, туған жерімнен және жақындарымнан жайдан жай алыста жүргенім жоқ.
Біздің президентіміз әрдайым біздің келісілген шарттарымызды орындаған және мен болашақта да осылай боларына еш күмән келтірмеймін, сол себепті мені тек футбол қызықтырады және мен өз жұмысым атқаратын боламын.
Бізге жанкүйерлердің қолдауы өте қатты қажет, әсіресе позитивті яғни, оң қолдау керек. Ол біздің жеңістер толқынына қайта оралуымыз үшін және көрермендеріміздің үлкен матчтарды оң нәтижемен аяқтағанымызды көрулері үшін қажет.






comments powered by HyperComments

Матч-центр