Клуб жаңалықтары

22 Мамыр Оңтүстік дербиі! «Таразға» қарсы ойын жанкүйерлермен өтеді! Оңтүстік дербиі! «Таразға» қарсы ойын жанкүйерлермен өтеді!
24 мамырда, OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатының кезекті туры аясында «Ордабасы» өз алаңында «Тараз» командасын қабылдайды. Кездесу Шымкентте, Қажымұқан атындағы Орталық стадионда өтеді.
 Матч 18:00-де басталады.

✓ Қазақстан чемпионатында қос тарап өзара барлығы - 50 кездесу өткізген. «Ордабасы» 21 матчта жеңіске жетсе, «Тараз» футболшыларының қоржынында 16 жеңіс бар. 13 ойында екі ұжым тең тарқасқан.

 Билеттерді стадион кассаларында 23 мамырда, сағат 11:00-ден 20:00-ге дейін және 24 мамырда, сағат 09:00-ден 15:00-ге дейін сатып алуға болады.
1 турдың кейінге қалдырылған «Ордабасы» - «Қызыл-Жар» ойынының билеттері бұл ойынға кіруге жарамды болып табылады.
- 15%-ға ғана рұқсат берілгендіктен, орын саны шектеулі (2.700 адамға дейін).
- Барша жанкүйерлер «ASHYQ» қосымшасын жүктеп, өздерінің мәртебелерін алдын ала білу міндетті.

 Жанкүйерлер ойынды тікелей эфирде «Qazsport» телеарнасынан және ресми сайтынан көре алады.





comments powered by HyperComments

Матч-центр