Клуб жаңалықтары

09 Мамыр Ұлы Жеңіс Күні құтты болсын! Ұлы Жеңіс Күні құтты болсын!
"Ордабасы" кәсіпқой футбол клубының басшылығы, ұжымы. Барлық бапкерлер мен ойыншылар шын жүректен Ұлы мереке, Жеңіс күнімен құттықтайды!  

Отан қорғаушылар жасаған ерліктер мәңгілік және уақыт ағысымен жоғалып кетпейді. Сол бір қаһарлы соғыс жылдары алыстаған сайын оның маңызын біз ерекше ұғына түсудеміз. Сондықтан да халық ұзақ күткен Ұлы Жеңісті жақындатуда майданда да, тылда да жанқиярлықпен күреске түскендердің барлығы айрықша құрметке ие, қаза тапқандардың рухына тағзым етеміз. Сіздердің батырлықтарыңыз мәңгі есте және жүректе қалады.
Жеңіс үшін, бейбіт ашық аспан үшін жанын құрбан еткен жерлестеріміздің ерліктері осы мерекелік күні жүректерімізге ерекше әсер береді.
Құрметті ардагерлер! Сіздерді үнемі құрмет, қамқорлық қоршап отырсын! Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, бақыт тілейміз!






comments powered by HyperComments

Матч-центр