Клуб жаңалықтары

03 Мамыр Александр Седнев: «Біздің кейбір негізгі құрам ойыншыларына тәуелді екенімізді күтпедім» Александр Седнев: «Біздің кейбір негізгі құрам ойыншыларына тәуелді екенімізді күтпедім»
«Ордабасының» бас бапкері «Тұранға» қарсы ойын жайлы пікірін айтты

- Мұндай ойынға пікір айту өте қиын, мен бұл соққы ойыншылар мен бапкерлердің өзімшілдігіне нұқсан келтіреді деп сенемін... Ал қабылдауға өте ауыр жеңіліске келсек, ол біздің мәселелерімізді ашып береді. Ең қорқыныштысы, біздің кейбір негізгі құрам ойыншыларына тәуелді екенімізді күтпегенім, жоқтықтарын жаба алмай, орташа командаға айналғанымыз. Бұл тығырықтан шығу үшін бізге алдындары да айтқанымдай, мәселені түсініп, өзімізді әлдеқайда жақсы көрсетуге бар күш жігерімізді салуымыз қажет. Менің фуболшыларға айтар артық уәжім жоқ, әсіресе кездесудің екінші жартысына, олар жеңуді қалады, бірақ сұрақ - олардың қауқары жетті ме? Біздің мәселеміз де осы, өте үлкен қиындық. Егер біз өз жауапкершілігімізді сезінбей, өзімізге емес, өзгеге сенсек, алға қарай жылжудың маңызы болмайды. Мен өзімнің жауапкершілігімді түсінемін, бәлкім, сәтсіздіктердің үлесі дәл маған келіп тірелетін болар. Бұл жеңілісті біреуге артпай, өзі жеке ұтылғандай, барлығы да қабылдауы қажет және өз тарапынан бар күш жігерін салып, бұл қиындықтан шығуы қажет.

- Жоао Пауло бүгін қандай себептерге байланысты алаңда бой көрсетпеді?
- Алдында айтқанымдай, көптеген ойыншыларға, соның ішінде негізгі құрам ойыншыларына өте ауыр жүктеме түсті. Жоао осы үш күндік ойын циклінде бұлшық ет қысымын сезінді. Бүгін оның денсаулығы мен чемпионатта ары қарай өнер көрсетуі қауіпті болды, әрине ол бүгін қажет болды және әлбетте, бұл ойын барысында сезілді. Мен оның денсаулығын тәуекел етуге құқығым жоқ, мен біздің барлық ойыншымыз жазылып, команда өз қалпына келіп ойнауды бастайды деп сенемін.






comments powered by HyperComments

Матч-центр