Клуб жаңалықтары

30 Сәуір Александр Седнев: «Бүгін екі түрлі деңгейдегі командалар бақ сынасты» Александр Седнев: «Бүгін екі түрлі деңгейдегі командалар бақ сынасты»
«Ордабасының» бас бапкері шымкенттіктердің «Қайратқа» қарсы сырт алаңдағы кездесуі жайлы пікір бөлісті

- Әлбетте, мен мұны ойын жағынан да, есеп жағынан да ауыр жеңіліс деп айтар едім. Бұл әрбір ойыншыға және клубқа ауыр соққы болып тиді. Бұл жерде екінші бір пікірдің болуы мүмкін емес екендігі түсінікті, бұл үлкен жауапкершілік және ол команданың жаттығудағы бапкері ретінде маған сенім артылған. Маған қазір бұл жайттың себептерін бағалау қиын, дұрысырақ айтқанда, бұл бүгін ғана туындаған мәселелердің нәтижесі емес. Біз менталды түрде жеңіліс таптық, бүгін екі түрлі деңгейдегі командалар бақ сынасты, бірі қатты жеңіске жеткісі келді. Екіншісі болса мүлдем белсенді болмады, әсіресе шабуылда, бәлкім, қорғаныс пен шабуылда тым оңай ойнағандықтан болар. Бізге шығындарымыздың орнын толтыру өте қиын және бұл әсіресе бізден жоғары деңгейдегі командалармен болатын қақтығыстарда айқын көрінеді. Біз өз деңгейіміздегі немесе бір саты төмен тұрған командаларды қалайда болсын ұтатын болсақ, бүгінгідей қарсыластармен ойындарда мәселелер жетіп артылады. Мен бұл соққы көпшіліктің есін жидырады және біз асыра сілтенген ойын бағамызды түсіреміз деген үміттемін. Біз өз айыбымызды жанкүйерлер алдында және ең алдымен өзіміздің алдымызда өтей аламыз деп сенемін.

- Соңғы ойындарды өткізіп алған Диакате, Махлангу және Осучуквудың жағдайлары қандай?
- Үш ойыншының да ауыр жарақаттары бар, мен олардың қашан алаңға оралатындарын екі түрлі себеппен айта алмаймын. Біріншіден, мен дәрігер емеспін, ал екіншіден, мен еститін оралу мерзімдері әрқашан өзгеріп отырады. Екі футболшыға хирургиялық көмектер көрсетілді және бұл жағдайдағы ең минималды түрдегі мерзім бір ай болып саналады, Махлангудың мәселесі – оның маусымға деген дайындығының кеш болуына байланысты.
Біз іс жүзінде командамыздың жүрегінен айырылдық, оның орнына басқа ойыншы табу өте қиын, онымен қоса тіреуші жартылай қорғаушымыз Самат Шәмші де жарақат алып қалды. Қазіргі таңда олардың орындарында өздеріне қолайсыз болса да екі ойыншы ойнауда және олардан кереметтей нәрсені талап ету мүмкін емес. Жүрек тұрақсыз соғып тұрғанда организмды іске қосу – ең қиын мәселе. Мен бұл жайттың оларға болашақта әмбебап ойыншы атануға мүмкіндік береді деп сенемін. Қазір оларды ауыстыру және бұл мәселені шешудің қандай да бір кадрлық шешімін табу қиын. Бізге аздап сабырлық, сенімділіқ және ең бастысы тіреуші аймақтағы агрессия жетіспейді.






comments powered by HyperComments

Матч-центр