Клуб жаңалықтары

28 Сәуір Тимур Досмағамбетов пен Жоао Пауло OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатының 7-турының үздіктер құрамасына енді Тимур Досмағамбетов пен Жоао Пауло OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатының 7-турының үздіктер құрамасына енді

◉ Сол жақ жартылай қорғаушы: Тимур Досмағамбетов
Досмағамбетовтың орындауындағы белсенді футбол «Ордабасыға» «Қайсарға» қарсы ойында жеңіске жетуге өз септігін тигізді (4:2). Тимур командасының шабуылына қосыла отырып, Жоаоға екі бірдей нәтижелі пас берді, сонымен қатар өзі де қақпашымен 1 ге 1 шығып, гол соғып көзге түсті. Осылайша футболшы гол+пас жүйесі бойынша 3 ұпайға ие болды.
Іс-әрекеттер индексі - 371.

◉ Шабуылшылар: Жоао Пауло
Әдеттегідей, Жоао ашық аймақтарды пайдалану бойынша пайдалы өнер көрсетіп, «Қайсар» қорғаушыларының позициялық қателіктер жіберуі үшін бар күшін салды. Ол қызылордалық ұжымның қақпасына 8 соққы жасады және соның үшеуі тура бағытталып, екеуі голға ұласты. Бразилиялықтың тиімді ойыны шымкенттік командаға кездесу барысын өз пайдасына асырып, үш ұпай алуына көмектесті.
Іс-әрекеттер индексі - 312.






comments powered by HyperComments

Матч-центр