Клуб жаңалықтары

25 Сәуір Тимур Досмағамбетов: «Өзіміз күткендей өте ауыр матч өткіздік» Тимур Досмағамбетов: «Өзіміз күткендей өте ауыр матч өткіздік»
Қызылордалықтардың қақпасына соғылған 2-голдың авторы «Ордабасы» - «Қайсар» 4:2 ойыны жайлы пікірін айтты

- Біріншіден, «Қайсардың» біз үшін өте ыңғайсыз қарсылас екенін айтып өткім келеді. Соңғы үш маусымда біз бірде-бір рет жеңіске жетпедік. Бүгін де кездесу барысында есепте қалып келе жаттық, алайда ешқандай дүрбелең орын алмады, біз жеңетінімізге сендік және өз футболымызды ойнауды жалғастыра бердік, бұл қорытынды есепке өз септігін тигізді және біз жеңісті жұлып алып кеттік. Жалпы, өзіміз күткендей өте ауыр матч өткіздік. Бірақ бастысы бұл - жеңіс және қоржынымызға үш ұпайдың қосылғаны. Жанкүйерлерге біздің ойынымыз ұнады деп ойлаймын, ал біз өз кезегімізде оларды болашақта да қуанту үшін бар күшімізді саламыз!






comments powered by HyperComments

Матч-центр