Клуб жаңалықтары

10 Сәуір Жоао Пауло: «Өкінішке орай, біз өзіміз күткен нәтижеге қол жеткізе алмадық» Жоао Пауло: «Өкінішке орай, біз өзіміз күткен нәтижеге қол жеткізе алмадық»
«Ақтөбе» - «Ордабасы» 4:4 ойынында дубль авторы атанған ойыншы кездесу жайлы пікірімен бөлісті

- Өте жақсы футбол болды. Әсіресе көрініс жағынан. Голдар да көп болды. Бірақ, өкінішке орай, біз өзіміз күткен нәтижеге қол жеткізе алмадық. Менің ойымша, ойын басынан аяғына дейін сақталуы міндетті назар жеткіліксіз болды. Голдарды көптеп соқтық, бірақ кейбір сәттерге мұқият болу қажет еді, концентрацияның жеткіліксіз болғаны көрініс тапты. Иә, біз Хижниченконың голынан кейін жеңіс дәмін сездік. Барлығы бітті, жеңіс қалтамызда секілді көрінді. Соңғы минуттарда жеңістен айырылып қалғаныңда ішіңде өте үлкен күйік қалады. Сол үшін де қапалымыз. Әрине, біз жанкүйерлердің қолдауын сеземіз. Жанкүйерлер беретін сол бір күштің бізді қуаттандырғанын қалаймын, олардың бізге сенгені мен қолдағандары маңызды.






comments powered by HyperComments

Матч-центр