Клуб жаңалықтары

10 Сәуір Александр Седнев: «Мен біздің өте қатты қапалы екенімізге және тең есепті қабылдамағанымызға қуаныштымын» Александр Седнев: «Мен біздің өте қатты қапалы екенімізге және тең есепті қабылдамағанымызға қуаныштымын»
 Шымкенттік команданың бас бапкері 4-турдағы «Ақтөбе» - «Ордабасы» 4:4 ойынына өз пікірін білдірді

- Меніңше, тең есеп жағдайы жеңілістен де қиын болады. Мүмкін тіпті нәтиженің өзінде емес, бұның қалай орын алғаны шығар. Менің футболшыларым өте қатты тырысты. Олар ойынның мазмұны жағынан да, сапасы жағынан да жақсы кездесу өткізді. Алайда, кейде қарсылас ешбір сәт тудырмаса да, бізге 4 гол соғатын ойындар болады. Бұл көп, өте көп. Бірақ мұндай ойындар болып тұрады. Менің футболшыларға ойын икемділігі бойынша да, жанын салып ойнағандары бойынша да ешқандай сұрағым жоқ. Бізге матчтың кейбір эпизодтарынан кейінгі жайбарақаттық секілді аспектілер жетіспейді. Біз гол соққаннан кейін барлығы біткен секілді, ойын жасалып қойған секілді болады. Бұл шыныменде біз үшін ащы сабақтар, себебі барлығының көңіл-күйі түсіп кетті. Матчтың қалай өрбіп жатқаны мен қорытынды есептің қандай болғаны іс жүзінде бізді өлтірді. Біз өзімізге мұны тәжірибе ретінде қабылдап, келесіде осындай қателіктерді жібермеуге тырысамыз. Мен алғаш қарағанда қақпашымыздың көптеген қателіктер жібергені жөнінде айтып өтсем деймін. Қателік бұл бір істің салдарынан туындайды, біз өз қақпашымызға сенеміз. Расымен де, өте жақсы қақпашы өсіп келеді. Мен бұған күмәнданбаймын, менің сөздерімді естеріңізге алыңыздар. Мұндай ойындар оны екі есе мықты етеді деп сенемін. Ол қатайып, тәжірибе жинақтайды. Әрине, болжау мүмкін емес ойындар болады. Мен біздің бұл жағдайға төтеп бере аламыз деп ойлаймын. Мен біздің өте қатты қапалы екенімізге және тең есепті қабылдамағанымызға қуаныштымын. Біз алда тұтас әрі агрессивті бола түсеміз деген ойдамын және жігіттердің бір-біріне мықты болуға көмектесетіндеріне сенемін. Дәл осылай өз алдына үлкен мақсаттар қоятын ұжым, команда қалыптасады.






comments powered by HyperComments

Матч-центр